Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 12 Қыркүйек, 2019

Өмірдің сабағы, өмірдің бағасы басқа...

Ұлым бұрын қосымша дәптерінің шетіне (қызыл сызықпен сызылған рамка) түрлі сурет салып тастайтын, үнемі ұрсып жаңа дәптер бастайтынбыз. Бізді "Қызыл сызықтан асуға болмайййдыыыыы!" деп үйреткен, асып кетсең минаға түсетіндей сезінетінмін. Құдай куә, 11 жыл мектепте, 5 жыл Универде қызыл сызықтан шығып көрмеппін. Ал мына жерде қызылдан аспақ түгілі, сурет салып тастайды. Биыл тағы сурет салып тастапты. Сәл ойланып, ұрыспай әңгімеге тарттым. Ұлым "Шынымен ұрыспайсыз ба?" дегендей кішкене үнсіз отырды да :"Бұл болашақта мен шығаратын көліктердің маркасы. Бірнеше түрі бар, таңдауым керек боп тұр. Бұлардың басқа көліктен ерекшелігі мынада" деп сабақ айтқанда олай сөйлемейтін балам тоқтамай сөйледі дейсің. Қазақстан көлік шығармайтынын, мықты болсаңдар неге шығармайсыңдар дегендей айтты). "Бұл-черновик" деді, яғни негізгі дәптерге жазуға болмайтынын біліп тұр, ендеше неге ұрсамын? Ол болашақтағы "Өзін" іздеп, қызығып жүр, оқи алады, жаза алады, есептей алады, енді не деп мазасын ала беруім керек? "Оқы, оқы, оқы! Үй жұмысын жаса, басқа ештеңеге алаңдама. Қате жіберме! Қызыл сызықтан аспа!" деп өсірді бізді. Не нәрсеге қызықтық? Ой елегінен өткізуге уақыт болмады-бір, сұраған адам болмады-екі. Күні-түні сабақ жаздық. Бала күнімде үйдегі бүкіл киімді киіп мода көрсеткенді жақсы көретінмін. Аяғы ұзын қыздардың суретін салатынмын түрлі киім кигізіп. Бірақ оған аса мән берген ешкім болмады. Үлкендер тек "Оқы!" деді. Оқыдық. 5-ке аяқтадық. Кім боламыз, не нәрсеге қызығамыз, білмей қалдық... Арман-мақсат жайлы айтатын адам болмады. Сол үшін шығар, қазір "саморазвитие" жайлы біреу бірдеңе айтса, жазса, Құдайдай көреміз, өйткені ақпаратқа шөлдеп тұрмыз... Шектемеңіз баланы. Ашылып келе жатқан қанатын кеспеңіз! Мектептегі баға сіздің кім болатыныңызбен есептелмейді. Өмірдің сабағы, өмірдің бағасы басқаааа...

 

Жанат Бақыттың фейсбук парақшасынан 

2120 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз