Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 16 Қыркүйек, 2019

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ "ЕҢБЕК" БАҒДАРЛАМАСЫНА АТСАЛЫСАДЫ

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы «Еңбек» бағдарламасын насихаттау мақсатында өңірдегі халқы тығыз аудан тұрғындарымен кездесулер ұйымдастыруда. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Елбасының бастамасымен 2015 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында Түркістан облысында соңғы 4 жылда 881 отбасы немесе 3377 адам қоныс аударып, мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етіліп келеді.

Түркістан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев бастаған ақпараттық-насихаттық топ халық саны жоғары, әрі ең тығыз орналасқан Сайрам ауданы, Қарабұлақ елді-мекені тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ғ.Рысбеков, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары М.Оразалиев, аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Әбдіқадыров және облыстық мәслихат депутаттары Ж.Ағабеков, Б.Нышанкулов пен ҚР Білім саласының құрметті қызметкері, қоғам белсендісі Ө.Шыныбекұлы, Павлодар облысы, Ертіс ауданы әкімінің орынбасары Ж.Сағынаев, Солтүстік Қазақстан облысы, М.Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Н.Танбетова және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері қатысты.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Дәулетұлы кездесу барысында Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына тоқталып, өзбек диаспорасын «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруда белсенді болуға шақырды.

Жиында сондай-ақ, Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ғ.Рысбеков «Оңтүстіктен Солтүстікке көшіру» бағдарламасының маңыздылығы туралы баяндама жасады.

Солтүстікке қоныс аударған жерлестеріміздің тыныс-тіршілігімен жақында ғана танысып қайтқан насихаттық топ мүшелері ауыл тұрғындарына мемлекет тарапынан беріліп жатқан қолдаулар мен мүмкіндіктер туралы кеңінен түсіндіріп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, өзбек этнос өкілдерінің арасында мұндай стратегиялық маңызды кездесу алғаш өтіп отыр. Нәтижесінде, 52 отбасы көшуге ниет білдірді. Филиал төрағасының бірінші орынбасары жауапты басшыларға 210 мыңнан астам тұрғыны бар ауданның әрбір ауылында бағдарламаны тиімді түрде насихаттауды тапсырды.

 

608 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз