Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Қыркүйек, 2019

21 қыркүйек күні елордада жалпықалалық сенбілік өтеді

Дүниежүзілік тазалық және Ағаш отырғызу күніне орай сенбі, 21 қыркүйек күні елордада жалпықалалық сенбілік өтеді, деп хабарлайды kazgazeta.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Сенбілікке кәсіпорындар, жоғары және ортакәсіптік оқу мекемелері, мектепке дейінгі және жалпы білім беру ордалары, денсаулық сақтау және мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар қатысады деп жоспарланған. Акцияға қатысушылар қоқысты жинауға арналған (күрек, тырнауыш) жабдықтармен толық қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, осы күні елордамыз «Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық экологиялық акциясына қосылады. Оған әлемнің 150-ден астам елінен 380 млн ерікті қатысады.

«Акцияның ерекшелігі жиналған барлық қалдықтар (араласқан қалдықтардан қайталама шикізатты бөлек жинау) сұрыпталып, одан әрі қалдықтарды өңдеу зауытына тасымалданады», - деді әкімдіктен.

1077 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз