Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Қыркүйек, 2019

Жұлдыздар жарқырайды!

Алматыда, Almaty Film Festival кинофестивалінің шеңберінде, кино саласы өкілдерінің басын қосатын Etalents.pro бірегей платформасының презентациясы өтті, деп хабарлады "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ Баспасөз-қызмет және ақпарат бөлімі.

Аталған бірыңғай платформада кастинг директорларға жаңа немесе әлдеқашан танылған актерлер өздерінің қаншалықты талатты екендіктерін көрсетуге мүмкіндік алса, режиссерлер мен сценаристерге кәсіби түсірілім тобын жинау процессі едәуір жеңілдетілмек.

Қазақстандық кино әлеміндегі жаңашылдық туралы «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы, кинопродюсер, сценарист Сәрсенова Гүлнар, Еуропалық киноакадемияның мүшесі (EFA), продюсер Анна Качко, «Кинолифт» актерлерді таңдауға және іздеуге мүмкіндік беретін халықаралық онлайн-қызметтің идеялық авторы Елизавета Шмакова мен ҚазССР құрметті актрисасы, кастинг-директор Жанна Қуанышева айтып берді.

Сервисті әзірлеушілердің айтуынша, бұл жай ғана актерлік база емес,  қолдануға өте ыңғайлы әрі түсінікті сайт.

Ізденушілер, мысалы, актерлер тек қана осы сайтта тіркеліп, сауалнаманы толтырып, өзінің кәсіби дағдыларын, фильмографиясын, марапаттар тізімін, фото және бейнетүсірілімін енгізуі қажет, содан кейін бағдарлама автоматты түрде түйіндемені жасайды, ал оған киноцехтің басқа қолданушылары ұсыныстарын білдіре алады. Қажетті үміткерді айқын және дәл іздеуді қамтамасыз ететін 8 іздеу жүйесі ұсынылады. Сервис әлемнің негізгі 10 тілінде қызмет етпек. Басқаша айтқанда, қазақстандық актерлардан, кинооператорлар мен режиссерлардан команда құру енді оңай, сапалы, ең бастысы жедел әрі заманауи технологиялардың көмегімен жүзеге асырылатын болады.

Etalents.pro – қазақстандық кино үшін өте заманауи жаңашылдық. Кинематографияның даму деңгейі отандық кино қызметкерлеріне маяк бола алатын басқа елдер де осылай санайды. Анна Качконың айтуы бойынша, мұндай платформалар бірнеше елдерде қызмет етуде және Қазақстан үшін бұл өз киносын ыңғайлы сервиспен қамтамасыз ету ғана емес, әлемдік атақ туралы армандаған кинопрофессионалдарға үлкен демеу.

Etalents.pro авторлары үшін «Кинолифт» жобасымен жұмыс жасаған ресейлік әріптестерінің тәжірибесі көрнекі және пайдалы болған. Ол идеяның авторы Елизавета Шмакова атап өткендей, сервистің толыққанды жұмыс істеуі, танымал әрі пайдалы болуы үшін 2,5 жыл қажет болған. Гүлнар Сәрсенованың болжамы бойынша, қазақстандық сайтты дамыту үшін де осындай уақыт қажет болады.

Бүгін, тұсаукесерге қатысушылар атап өткендей, бүкіл әлемде актерлік құрамға қойылатын талаптар өсуде. Дарынды және фактуралық көріністерден басқа, жұлдыз мәртебесіне үміткер тілдерді меңгеру, жақсы ән айту, билеу және басқа да дағдыларға ие болуы тиіс. Тіпті осындай күрделі іріктеу кезінде қазақстандық актерлер ең үздіктердің бірі болып саналатындығын Жанна Қуанышева атап өтті.

Etalents.pro жобасының идея авторлары мен басшылары Лаура Ерғалиева мен Надин Цой екенін атап өту қажет.

1062 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз