Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Қыркүйек, 2019

Қазақстандықтар Алматы қаласы күніне орай таңдау жасады

Visit Almaty туристік ақпараттық орталығы Алматы қаласы күніне арналған сауалнама қорытындысын шығарды. Сауалнама қорытындысы бойынша қазақстандықтардың мерекелік үстелге сыйлық ретінде «Казахстанский» шоколадын, «Bahroma» балмұздағын және «Яблочко» печеньесін алғысы келетіні туралы белгілі болды. Сауалнамаға 1000-нан астам қазақстандық қатысты.
Алматы қаласының күні дәстүрлі түрде қыркүйектің әрбір үшінші жексенбісінде өтеді. Мереке қарсаңында Visit Almaty туристік ақпараттық орталығы өзінің ресми сайтында үш күндік сауалнама жүргізді. 13-16 қыркүйек аралығында www.visitalmaty.kz  сайтына кірушілер мерекелік дастарханға арналған сыйлықтың ең үздік нұсқасын Қазақстан өндірісі тәттілерінің алты түрінің арасынан таңдады: шоколад, балмұздақ, печенье, жент, шербет және халуа. Сауалнама нәтижесі бойынша, ұсынылған қазақстандық тәттілердің арасында 700-ден астам дауыспен «Bahroma» балмұздағы көшбасшы атанды, екінші орынға «Казахстанский» шоколады орналасты, ал үшінші орынға қазақстандықтар «Яблочко» печеньесін лайық деп тапты.
Туристік ақпарат орталығы қала күнін мерекелеу аясында бір ай ішінде Алматыда 60-тан астам мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар жоспарланғанын хабарлайды. Visit Almaty оңтүстік астананың барлық қонақтары мен тұрғындарына жоспарланған мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралардың анонстарын, қаланың туристік әлеуеті туралы кәсіби кеңес беруге, карталарды, жолсілтемелерді, тау маршруттарының атластарын, сондай-ақ туроператорлардың брошюраларын ұсынуға дайын.  Барлық қажетті ақпаратты қала тұрғындары мен қонақтары туристік ақпарат орталығының ресми сайтынан ала алады www.visitalmaty.kz  немесе Visit Almaty туристік хабының ресми нүктелерінде.

1271 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз