Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 18 Қыркүйек, 2019

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының отырысы өтуде

 Нұр-Сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының ХVІІІ отырысы басталды. Шараға ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева төрағалық етуде.

Жиынға қатысу үшін 14 мемлекеттің өкілдері келді. Съезде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съез қорытындылары мен хатшылық қызметінің келешегі бойынша пікір алмасу жоспарланған және 2021 жылғы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезін өткізу бойынша ұсыныстар айтылады.

Сонымен қатар, Съез хатшылығының ХІХ отырысын өткізу уақыты мен орны анықталады. Ал соңында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының XVIII отырысының хаттамасы қабылданады.

1229 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз