Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Қыркүйек, 2019

Ерлан Қошанов ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды kazgazeta.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын», - делінген құжатта.

Ол 1962 жылы 14 сәуірде Жезқазған облысы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. 2007-2012 жылдар аралығында премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары - Мәжілістегі, Парламенттегі Үкіметтің өкіл қызметін атқарған. 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысы болған. 2017 жылдың 14 наурызынан бастап Қарағанды облысының әкімі болған.

644 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз