Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 19 Қыркүйек, 2019

Алматыда «Кәсіп алаңы» мотивациялық курстары өтуде

Екі аптаның ішінде курсқа шамамен 2300 адам қатысты. Жоспар бойынша аталған курс пен вебинарлар 80 000 алматылықты қамтуды көздейді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Кәсіп алаңы» атты бір күндік мотивациялық семинарлар мен вебинарлар барысында танымал кәсіпкерлер, салалық сарапшылар, жетекші бизнес-тренерлер дұрыс бизнес құрып, нарықта өз орнын табу сияқты жеке ұсыныстармен бөліседі. Сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы әңгімелейді. «Атамекен» ҚР ҰКП-ның қатысуымен қала әкімдігі әзірлеген «Almaty business–2025» бизнесті дамыту бойынша өңірлік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын бұл жоба жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарға, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен көпбалалы аналарға арналған. Бір күндік курстар мен вебинарлардың қорытындысы бойынша 80 мың адам қамтылу керек. «Кәсіп алаңы» мотивациялық семинарлары мегаполистің барлық сегіз ауданында 11 қыркүйек пен 18 қазан аралығында жоғары оқу орындары, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар, қаланың әмбебап базарлары және аудандық әкімдіктер базасында өтеді. Қатысушыларды тіркеу әкімдіктерде, «Атамекен» ҚР ҰКП, Халықты жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ онлайн тәртібі арқылы жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап «Qoldaý.kz» сайтынан да вебинарлар беріле бастайды.

Семинарлар мен вебинарлардың негізгі тақырыптары - Алматы қаласының басым салалары: туризм, сауда, құрылыс, көлік, қонақ үй бизнесі, өндіріс, IT, қаржы, сақтандыру және басқа салалар. Курстар мен семинарларда салалық сарапшылар жаңа бастаған кәсіпкерлерге бизнесті жүргізудің моделін құру, бизнесті жылжыту мен дамыту бойынша кеңестер береді. Оқу жүйесі менеджмент, құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп, маркетинг және басқа да бағыттарды қамтиды.

- Курс қорытындысы бойынша 10 мыңға жуық адам ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған арнайы курстарға, 2 мыңнан астам адам жаңа мамандықтар алу үшін қысқа мерзімді курстарға жіберіледі, - деп атап өтті С.Тұяқбаев.

1073 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз