Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 19 Қыркүйек, 2019

«Ақмола - адалдық алаңы» кәмелет жасқа толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуда

«Ақмола - адалдық алаңы» жобасының шеңберінде Ақмола облысының ювеналды полициясының қызметкерлері «Саналы ұрпақ» клубының және жобалық кеңсенің өкілдерімен бірлесіп, кәмелетке толмаған балалардың құқық бұзушылықтарын анықтауға және алдын алуға бағытталған рейдтік-алдын алу шараларын өткізді.

Шара барысында полиция органына 2 кәмелет жасқа толмаған студент жеткізілді. Бірінші жағдайда 16 жастағы жасөспірім үй маңында темекі тартқаны үшін ұсталды. Тергеу шарасы барысында баланың ата-анасының қалада тұрмайтыны, оны тәрбиелеумен әжесі айналысатыны анықталды.

Кәмелет жасқа толмаған баланың өз кінәсін мойындағанын және бұған дейін жауапқа тартылмағанын ескере отырып жұмыс тобы өкілдері онымен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында әңгімелесіп, ауызша ескерту жасады.

Сонымен қатар жұмыс тобы алкогольдік мас күйінде жол шетінде заңды өкілдерінсіз жүрген 17 жастағы қыз ұсталды. Медициналық тексеріс жеңіл мас деңгейін анықтады. Ұсталған қыздың 19 жас шамасындағы құрбысы жалдамалы пәтерде жасөспірімге сендіру және мәжбүрлеу арқылы алкоголь ұсынған екен. Рейдтік шаралар барысында кәмелет жасқа толған қыз ұсталып, ҚР ӘҚБК 131 б. сәйкес жауапқа тартылды.

«Ақмола - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ата-аналардың назарын балалардың жаман әдеттерінің алдын алуға және олардың тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуге шақырады.

926 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз