Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 23 Қыркүйек, 2019

Мысырлық қақпашы фантастикалық сейв жасады

Мысыр чемпионатында "Пирамидс" пен "Энппи" командалары арасында өткен матчта Махмуд Гад фантастикалық сейв жасады, - деп жазады Football.ru.

31-минутта есеп 0:1 болып тұрған, осы кезде қақпашы қарсылас команданың алаңынан берілген пасты көріп, айып алаңынан шыға жөнеліп, басымен соққыны қайтарды.

"Пирамидис" ойыншысы допты алып, алаң ортасынан бос қақпаға бағыттаған. Голкипер мұнда да үлгерді: артқа қарай жүгіріп, әуеде допты бұрыштамаға бұрды.

Акробатикалық трюктерімен таңғалдырған голкипер командасын құтқара алмады. Оның командасы 0:4 есебімен жеңіліс тапты. Алайда мұндай сейв Желіде әбден таралып, Гадтың фамилиясы әлемдік БАҚ-тарда жарияланып жатыр.  

680 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз