Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Қыркүйек, 2019

Н. Нығматулин ресейлік әріптесімен кездесті

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин мен Ресей Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының төрағасы Владимир Володин парламентаралық өзара іс-қимылдың, сондай-ақ, ертең Нұр-Сұлтанда басталатын Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің 4-кеңесіне қатысты маңызды мәселелерді талқылады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі хабарлады. Ресей Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі саналады. Тараптар екі мемлекет басшылары өзара түсіністік және достық қатынастарына негізделген бірлескен жұмыс нәтижесінде, елдеріміз ынтымақтастықтың жоғары деңгейге қол жеткізгенін атап өтті. Осы ретте В. Володин Қазақстаннның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресеймен қатынасты нығайтудағы және еуразиялық ынтымақтастықты кеңейтудегі зор рөліне тоқталды. Н. Нығматулин мен Володин парламентаралық ықпалдастықтың да жоғары деңгейін атап өтті. «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» деп аталатын Еуразия елдері Парламенттері Спикерлерінің 4-ші Кеңесі жоспарларын талқылай келіп, барлық шаралар қатысушы елдерге жан-жақты тиімді және пайдалы пікір алмасуға мүмкіндік беретініне тоқталды. Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, аталған беделді форумды өткізу біздің елдеріміздің парламентаралық қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенінің нақты көрсеткіші. Қазақстанда алғаш рет өткелі отырған беделді форумға 65 елдің өкілдері мен 14 халықаралық ұйым мүшелері келді.

628 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Алматының Цифрландыру басқармасының басшысы тағайындалды
Келесі мақала Н. Нығматулин Қазақстанға алғаш рет келген Комбоджа Парламентінің төрағасымен кездесті

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *