Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Қыркүйек, 2019

ҚР мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Өркен Серікқалиұлы Бисақаев Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Өркен Бисақаев 1977 жылы 24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техника университетін, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Түрлі жылдары коммерциялық секторда жұмыс істеген.

2007-2010 жылдары Маңғыстау облысының әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің меңгерушісі, бас инспекторы қызметін атқарған.

2010-2012 жылдары — Ақтау қаласы әкімінің орынбасары.

2012-2017 жылдары — Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы.

2016-2017 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

2017-2018 жылдары Маңғыстау облысының Туризм басқармасын басқарған.

2018-2019 жылдары — Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

2019 жылғы мамырдан бастап «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

636 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз