Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 26 Қыркүйек, 2019

«Ақпаратқа қол жетімділік: академиялық ықпалды күшейту» І Орталықазиялық журналистика семинары өтеді

27 қыркүйекте Алматыдағы Қазақстан Республикасындағы БҰҰ ғимаратының  конференц-залында Халықаралық ақпаратқа жалпыға қолжетімдік күніне арналған «Ақпаратқа қол жетімділік: академиялық ықпалды күшейту» І Орталықазиялық журналистика семинары өтеді.

ЮНЕСКО-ның 2015 жылғы 17 қарашадағы шешіміне байланысты 28 қыркүйек Халықаралық ақпаратқа жалпыға қол жетімділік күні болып жарияланды. Бұл Халықаралық күн қоғамның ақпаратқа қол жетімділігі мен арнайы бостандықтарды қорғауды талап ететін тұрақты даму тәртібін, атап айтқанда, тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда ерекше маңызға ие.

Ғылыми шараның мақсаты Орталық Азиядағы тұрақты даму саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін ақпаратқа қол жетімділіктің маңыздылығына назар аудару болып табылады.

Ғылыми пікірталас келесі бағыттар бойынша өтеді: халықтың ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету,

тұрақты даму мақсаттары үшін журналистік білім беру, ақпаратқа қол жетімділік. Орта Азия елдерінің заңдарына шолу.

Семинар БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы ақпараттық бюросымен және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен бірлесіп ұйымдастырылған.

Семинарға Өзбекстан, Қырғыстан, Қарақалпақстан, Тәжікстан, Қазақстан университеттері журналистика кафедрасының профессорлары, студенттері, магистранттары мен докторанттары және еліміздің БАҚ-ы қатысады.

841 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз