Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 30 Қыркүйек, 2019

ГАУҺАР АНА КЕСЕНЕСІ МАҢЫНА БОЗ АРША ЕГІЛДІ

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты ГауҺар ана кесенесі маңына боз арша  ағашы егілді. Бұл туралы музейдің баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл басынан бері кесене аумағын абаттандыру мақсатында кесене мен құдық суына апаратын аяқ жол бойына арнайы құмыралар орнатылып, түрлі - түсті әсем гүлдердің тұқымы себілгені белгілі. Гауһар ана кесенесінің қорықшысы Оразғали Сапарбаевтың айтуынша, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келген зияратшылардың көпшілігі Гауһар анаға да арнайы соғып, құран оқып, суына шомылады. -" Рухани орынға келушілерге жайлылықты қамтамасыз ету үшін тыныштық пен тазалықты сақтау басты назарға алынған. Көктем мезгілінде қат болып сірескен жер арнайы техникалардың көмегімен жыртылып, ірі-ірі тастардан тазартылса, аталған жерге тыңайтқыштар себіліп, гүл, ағаш қондырылған болатын. Бүгін "Әзірет Сұлтан" қорық-музейінің жеткізуімен  көп жылдық боз аршасын қондырдық. Алдағы уақытта да абаттандыру жұмыстарын жалғастыратын боламыз",- деді Оразғали Сапарбаев. Айта кетсек, 2015 жылы Қожа Ахмет Ясауидің қызы Гауһар ананың кішігірім бейітіне «Әзірет Сұлтан»  қорық-музейі қайта кесене тұрғызды. Кесене аумағындағы негізгі жұмыстар қолға алынып, жантақ, шеңгел басқан аумақ гүлзарлармен абаттандырылып жүйелі түрде ағаш көшеттері отырғызылған болатын. Ескерту, белгі тақтайшалары қайта жаңартылып, Гауһар ана кесенесі туралы 3 тілде жазылған ақпараттық тақтайша орнатылды. Сондай-ақ, былтырғы жылы кесенеге келушілерге арналған автотұрақ салынып, айналасы темір шарбақпен қоршалды. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейнекамералар орнатылды.  Алыс-жақыннан ағылатын туристердің легі  көп болғандықтан заманауи талапқа сай дәретхана салынды.

Гауһар ана кесенесі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК құрамына діни-рухани ескерткіштер ретінде тізімге алынған. Биылдан бастап,  кесене маңына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Сапар орталығы бой көтеріп, туристер үшін рухани орталыққа айналдыру көзделуде.

1205 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз