Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Қазан, 2019

Қыркүйек айындағы доллар бағамы

Сарапшылардың пікірінше, теңге бағамы Ұлттық банктің бақылауына тәуелді. Ағымдағы жылдың 12-қыркүйегіндегі Қазақстан фондалық биржасының (KASE) қорытындысы бойынша теңге бағамы барлық валюталарға шаққанда әлсіреген.  Қазір ақша айырбастау пункттерінде доллар 386,3-387,7 теңге төңірегінде саудаласады.  Осылайша, доллардың орташа өлшемді бағамы 387,15 теңгені құраған. «Енді 1 қарашада не болатынын көретін боламыз. Себебі дәл осы мерзімде Президент реттеушіден бағам саясатының тәсілін өзгертіп, халыққа барынша түсінікті және анық етіп жасауды тапсырған болатын». FINANCEkaz телеграмм-каналының авторы Андрей Чеботарев осындай пікірде.

Басқа да сарапшылар атап өткендей, өткен айларда KASE валюта нарығындағы сауда-саттық көлемі 996,1 млрд,теңгені құраған. Яғни бұған дейінгі көрсеткіштерден 5,2%-ға төмен, немесе 54,7 млрд. теңге. Төмендеу себептерін олар еңбек демалыстарының аяқталуымен түсіндіреді. Валюта айтарлықтай конвертицияланбады. Өйткені қыркүйектегі демалысқа қажетті билеттер мен жолдамалар алдын-ала сатып алынғандықтан, маусымдық дүрлікпе бәсеңдеген. Доллар бағамының ауытқуы бір долларға шаққанда 385-387,73 теңге төңірегіде болған.  Қыркүйекте мұнай бағасы теңгеге оң әсер етіп, ұлттық валютаның бекігенін байқаймыз.

   

Үміт Жұмаділова

1401 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз