Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 01 Қазан, 2019

ҚФФ Қазақстан құрамасына шетелде ойнайтын футболшылардың келмеуіне қатысты пікір білдірді

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) маркетинг және PR қызметі департаментінің директоры Нағи Бақытбеков Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан құрамасына голландиялық "Хераклестен" Александр Меркельдің және белоруссиялық "Динамо-Бресттен" Владислав Васильевтің шақыртылмағанына қатысты пікір білдірді. Қазақстан құрамасының Кипр және Ресеймен өткен матчтері алдында біз Васильев пен Меркельге қатысты бөлек пікір білдірдік. Содан бері жағдай өзгермеді", - дейді Бақытбеков.

Мұның алдында федерация Васильевке қатысты түсінігінде: "Қазақстан құрамасы бапкерлер штабымен телефон арқылы сөйлескенде Васильев карьерасының қазіргі деңгейінде бар күшін клубтық ойынға салғысы келетінін айтты". Меркельге қатысты ҚФФ хабарлауынша, футболшыда құжаттармен қиындықтар туған, оны Александр жақын арада шешу керек.

745 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз