Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 01 Қазан, 2019

Марс ғаламшарынан белгісіз магниттті толқулар табылды

Толқулар  жергілікті уақыт бойынша шамамен түн ортасында пайда болады.

НАСА InSight құрылғысы Марс бетіндегі мәліметтерді 2018 жылдың қараша айынан бастап жинауда. Зонд Қызыл ғаламшардың ішкі жүйесі мен сейсмиканы зерттеу үшін үшөлшемді карта арқылы жасап шығарылған. Ғалымдар InSight құрылғысы жинақтаған ақпаратты сараптау барысында ерекше мәліметтер жиынтығын анықтаған. Олар Марстағы уақыт бойынша күн сайын шамамен түн жарымында пайда болатын магнитті импульстардың шоғырын тапты. Құрылғы екі сағатқа созылатын тербелістердің ұзақ толқындарын көрсеткен. Зерттеу нәтижелері ғаламшар ғылымының Еуропалық конгресі мен Женевадағы (Швейцария) америкалық астрономиялық ұйымының жиынында жарияланды. «Жергілікті уақыт бойынша түн ортасы кезінде магнитті алаңда ұзын әрі жүйелі толқулар тізбегі байқалады», деді ғалымдар.

Импульстардың «көзі» әзірге белгісіз. Дегенмен зерттеушілердің олардың жер астында немесе бетінде пайда болғанын анықтағысы келіп отыр. Қалай болғанда да, ғалымдар алынған нәтижелер өзге ғаламшарлардан ерекшеленетін Марстың тағы бір жұмбағын шешеді деп үміттенуде.

Дайындаған Үміт Жұмаділова Techno.bigmir.net

1149 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз