Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 01 Қазан, 2019

"ҚАНДАС" деген қаның тартатын сөзден неге қашамыз!

Ұлт рухын көтеру мен тіліміздің кең қанат жаюында қазақ халқы санының көбеюі басты рөл атқарады. Сондықтан, 30 жылға жуық уақытта шетелдерден миллионнан аса қазақ Тәуелсіз Қазақстанға – атамекендеріне келіп, қазақтың қатарын көбейтті. Негізі Көші-қон саясатындағы көптеген тосқауылдар болмағанда, бұдан да көп келетіні айқын еді. Сондықтан шетелдегі этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасына кедергісіз келуі мен азаматтықты жеңілдетілген жолмен алуын заңмен бекітуіміз керек. Балшықтан адам жасай алмай жатқанда шеттегі 6 миллиондай қазағымызды Қазақтың көк туының астына жинау керек!

Парламентте қазір көші-қон саласына байланысты "оралман" атауының атын ауыстыру көтеріліп жатыр. Ол тіпті, әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов ұсынған "Бауырлас" деген атау тура мағына бермейді. Кешегі Кеңес империясы кезіндегі 15 одақтас елді "бауырлас елдер" деген, айдаладағы шетелдегі бір қала мен екінші қаланы "бауырлас қалалар" деген жасанды ұғымдар қазақи емес, "саяси" мәнге ие болып кетті.

Мәжіліс депутаттарының "Бауырлас" сөзіне неге "бауыр басып" қалғанына түсінбеген ақын Ауыт Мұқибек те өз парақшасында орынды мәселе көтеріп, "қандас" атауын қолай көріп тұрғанын меңзейді.

Иә, біз осы "Қандас" деген қазақы атауымыздан неге қашамыз?

Шетелдердегі қазақтарды тарихи атамекеніне жинап алуды қасиетті парызы санайтын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір ұлтты екіге бөлгісі келіп тұратын «шекараға» айналып бара жатқан "оралман" сөзін бар қазақтың бауырлық сезімін оятатын қуаты зор "қандас" деген атаумен атайық деген сәтті ұсынысын қолдауымыз керек! Енді осы атауды заңдастыру ғана қалып тұр.

Қазыбек Исаның фейсбук парақшасынан

1715 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз