- Айна
- 02 Қазан, 2019
Халыққа қызмет көрсету орталығынан алынатын 28 анықтама жойылады
Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы жойылады. Сонымен қатар, бұған дейін талап етілетін 28 өзге де анықтамалардың алдағы уақытта қажеті болмайды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация басқармасының төрағасы Әсемгүл Балташева Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан "Цифрлық күз" шарасында айтып өтті.
«Елімізде мекенжайы анықтамасын жою – жұмыстың басы ғана. Біз қазіргі уақытта дәл осындай 28 анықтаманы жоюды көздеп отырмыз. Яғни, тағы 28 анықтаманы алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті болмай қалады. Белгілі бір құжатты алу үшін міндетті түрде уақыт бөліп, мекеме аралаудың қажеттігі жойылып барады. Мемлекеттік қызметтерді алудың проактивті түрде алу мүмкіндігін жолға қойдық. Проактив дегеніміз – қызметтің өзінің азаматтарды іздеп табуы дегенді білдіреді. Қайда барам, не істеймін деп бас қатырудың керегі жоқ. Осынау 28 мемлекеттік қызметтің түрін 17 проактивті қызметке ауыстырып жатырмыз. Яғни, 28 қызметтің түрін регистрден алып тастаймыз», - деді Әсемгүл Балташева.
1887 рет
көрсетілді0
пікір