Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 02 Қазан, 2019

«TOPJARGAN» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ШОУЫНЫҢ ЕКІНШІ МАУСЫМЫ БАСТАЛАДЫ

«Хабар» телеарнасында, сондай-ақ YouTube желісіндегі ХабарSHOW арнасында  «Topjargan» музыкалық жобасының екінші маусымы 4 қазан күні, сағат 21.40-та көрерменге жол тартады. Бұл туралы Агенттіктің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Байқаудың алғашқы маусымы қазақстандықтармен қатар АҚШ («The Four: Battle for Stardom»), Ресей («Успех») және өзге мемлекеттерде де жақсы қабылданған.

«Topjargan»  - бұл жұлдыз болуға лайықты төрт қатысушы бірден анықталатын жалғыз музыкалық шоу,  яғни, байқаудың  финалистері алғашқы кезеңде белгілі болады. Алайда бұдан жобаның қызығы азаймайды, керісінше финалистер әр шығарылым сайын жаңадан келгендердің алдында өзінің жобаға лайық екенін дәлелдеуі керек. Жобаның финалистері - Ринат Малцагов (Италияда өткен халықаралық конкурстың жеңімпазы, «SuperStar KZ» жобасының финалисті, «Екі жұлдыз» телевизиялық жобасының қатысушысы, актер, өнер академиясының түлегі; Дінмұхаммед Даулетов «X Factor», «I am Singer Kazakhstan» жобаларының қатысушысы,   «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы;  Салтанат Аширова («Голос Украины» жобасының қатысушысы, «Элес» тобының әншісі) және Георгий  Путкарадзе («Youth Music Fest» конкурсының лауреаты, Грузиядағы «X Factor»-дің жеңімпазы, «Славян базары»  конкурсының лауреты)  атанды.

Жаңа маусымның тағы бір ерекшелігі «Topjargan» шоуының географиялық ауқымы кеңейіп, Грузия, Украина, Қытай, Әзірбайжан және Қырғызстан Республикаларынан қатысушылар шақырылған.

Жобаның төрешілері – Қазақстанның халық артисі – Роза Рымбаева, әнші, әртіс – Дастан Оразбеков және жас рэпер Baller. Жүргізуші тізгінін – әнші Мадина Сәдуақасова ұстайды.

«Топжарғанның» ерекшелігі –әнші сахнаға шықты, нәтижесінде салған бір әнімен не өтті, не өтпеді. Көрдіңіз бе? Сонда ол бір әнімен бүкіл шеберлігін көрсету керек, бір әнмен  бүкіл төрешілерді де, көрерменді де таңқалдыра білуі керек.  Өзінің деңгейін көрсетіп үлгеруі керек. Сондықтан бұл үлкен шеберлікті қажет ететін конкурс», - деді Роза Рымбаева.

1097 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз