Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 04 Қазан, 2019

Алматыда Кәріпбек Күйіковтің көрмесі ашылды

Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық суретші, ядролық қаруға қарсы халықаралық қозғалыстың белсендісі Кәріпбек Күйіковтің жеке көрмесі ашылды. Көрмеге автордың 50 картинасы қойылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Ол ядролық сынақ құрбандарының портреттерін салады. К. Күйіков 1968 жылы Семей ядролық полигонынан 100 метр қашықтықта орналасқан Егіндібұлақ селосында туылған. «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалыстың негізін қалаушылардың бірі.
Алғаш рет Алматыда ұйымдастырылған көрмеге қала әкімі Бақытжан Сағынтаев келді. К. Күйіков суреттерінің бірегейлігіне тоқталған шаһар басшысы, автордың жұмыстары оптимизм мен өмірге деген құштарлыққа толы екендігін тілге тиек етті.

«Жастарға табандылық пен батылдықтың үлгісін көрсете алатын автордың шығармашылығы адамның ішкі жан дүниесін бейнелейді», - деді Б. Сағынтаев.

АТОМ жобасының Құрметті Елшісі ретінде К. Күйіков конференциялар мен түрлі шараларда БҰҰ және Құрама Штаттар Конгресі өкілдері алдында ядролық қаруға қарсы сөз сөйлейді. Көрме ағымдағы жылдың 20 қазанына дейін жалғасады.

1048 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз