Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Қазан, 2019

Университеттердің дамуына не кедергі?

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ә. Бектұрғанов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Ұзақпайұлы Маминге депутаттық сауал жолдады.

Сапалы білім берудің негізгі тетігі ол - оқытушы-профессорлар құрамының еңбекақысын көтеру, оларға толыққанды әлеуметтік қолдау көрсету, мәртебесін арттыру жоғары білім беру саласын  заман талабына сай келтіру екендігі белгілі.

Қазіргі уақытта жоғары білім беруді мемлекеттік қаржыландыру мемлекеттік білім беру тапсырысы арқылы жүзеге асырылады.

Соңғы 5-6 жылда инфляциялық процестер университеттердің кірістерін шамамен екі есеге дейін азайтты. Бұл оқытушылар мен қызметкерлердің жалақысына әсер етті, демек, жалпы университеттердің дамуына да кері ықпал жасады.

Жоғары білімнің барлық шығындары екі топқа бөлінеді: 1) оқу процесіне тікелей байланысты шығындар, яғни тікелей шығындар; 2) білім беру қызметін қамтамасыз етуге, яғни білім беру ортасын қалыптастыруға жұмсалатын шығындар.

Жан басына қаржыландыруға көшу жағдайында бұл өте маңызды болып табылады. Студент конкурстық негізде республиканың жоғары оқу орындарының бірінде жоғары білім алуға арналған мемлекеттік білім грантын жеңіп алады. Бұл жағдайда жоғары білім алуды мемлекеттік қолдау тікелей нақты адамға көрсетіледі, сондықтан, білім гранттың құны білім беру процесіне байланысты шығындарды ғана қамтуы керек (яғни тек білім беру қызметін алуға).

Ал, білім беруге қажетті орта құру, яғни білім алуға жағдай жасау - осы қызметті ұсынатын тұлғаның міндеті. Сондықтан, бұл шығындарды білім беру қызметін көрсететін ұйым көтеруі керек (меншік иесінің кірістерінен немесе құрылтайшылардың қаражаты есебінен).

Білім беру грантын қалыптастырудың қолданыстағы қазіргі жүйесінде білім беру процесіне және білім беру ортасына қатысты барлық шығындар есептелген.

Республикадамыздағы 132 университеттің 31 мемлекеттік оқу орнының   құрылтайшысы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.

Құрылтайшы, әдетте, материалдық-техникалық базаны дұрыс сақтау және дамыту бойынша шаралар қабылдауы тиіс. Алайда, жоғары білім беруде бюджеттік қаражатты күрделі шығындармен байланысты инвестициялық жобаларға бөлу жүйелік түрде жүргізілмейді. Сонымен қатар, соңғы жылдары Министрлік аймақтық мемлекеттік университеттердің материалдық-техникалық базасын дамытуға қажетті қаражатты бөлмейді.

Жоғары білімнің шығындарын білім беру қызметін алуға байланысты шығындарға және білім беру ортасын құруға бағытталған шығындарға бөлу студенттің білім алудың факторларына емес, тек білім алу процесі үшін ғана ақы төлеуі қажеттігімен байланысты болып отыр.

Біріншіден, білім беру қызметін алуға байланысты шығындар қысқа мерзімді сипатта болады, қызмет көрсетіледі және барлық шығындар бірден төленеді. Ал, білім беру ортасын қалыптастыруға байланысты шығындар ұзақ мерзімді сипатта болады және бұл шығындар қызметтерді ұсынудың бірқатар процесінде қолданылады. Яғни, бұл шығындардың мәні мен табиғаты әртүрлі.

Екіншіден, осы шығындарды бөлу еңбек ақы төлеуге байланысты шығыстарды тұрақты қаржыландыруға және жыл сайын профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысын көтеруді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Сізден жоғары білім беру саласын кредиттік-жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында білім беру гранты құрылымын қалыптастыру әдістемесін қайта қарауды сұраймыз.

Фото: Түркістан

1216 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз