Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Қазан, 2019

Елімізде 5 қалада ауа сапасы нашарлайды

9 қазанда Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, сәрсенбіде Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Балқаш, Өскемен және Шымкент қалаларында ауа ластануы күтіледі. Қалған қалаларда метеожағдай қолайлы болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

630 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз