Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 09 Қазан, 2019

"Дайын болыңдар". Головкин промоутері "Канеломен" үшінші жекпе-жек жайлы мәлімдеме жасады

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері британиялық Эдди Хирн IFL TV арнасына берген сұхбатында қазақстандық боксшының келесі қарсыласы туралы сөз қозғады. "Сергей Деревянченкомен реванш өткізудің қажеті жоқ. Геннадий жұрт көргісі келетін жекпе-жектерге қатысуды қалайды. Залда Деметриус Андраде отырды. Билли Джо Сондерс, Каллум Смит бар, олар да өз кезегін күтеді. Халық Деревянченкомен реваншты көргісі келсе де, Головкиннің қалайтыны - "Канеломен" жекпе-жек. Үшінші жекпе-жек алғашқы екеуі секілді жақсы өтеді. Бұл кездесуге дайын болыңыздар, жақындап қалды", - деді Хирн.

Айта кетейік, Головкин 5 қазанда Нью-Йоркте Деревянченконы төрешілер шеміміен жеңген болатын. Жекпе-жектен кейін украиналық боксшы реванш сұраған, GGG оған келісімін берген еді. Ал "Канеломен" Головкин Лас-Вегаста екі рет жұдырықтасқан - 2017 жылы қыркүйекте өткен алғашқы кездесу тең аяқталса, бір жылдан соң мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңген.

801 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз