Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Қазан, 2019

Ж. Ахметбеков: Зейнетақы тағайындау орталықтарындағы ахуалдан неліктен азаматтарымыз зардап шегуі тиіс?

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ж.Ахметбеков Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  Б.Б.Нұрымбетовке зейнетақы төлеу орталықтарындағы мәселелер депутаттық сауал жолдады. Бұл туралы kazgazeta.kz parlam.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Азаматтардың көбі зейнет жасына жетіп, зейнетақысын рәсімдеу барысында мемлекеттік  зейнетақы төлеу орталықтарындағы мемлекеттік қызметшілер тарапынан өздеріне қажетті, тиісті көмекті ала алмайды. Нәтижесінде зейнетақы тағайындау барысында заңды табысының бір бөлігінен қағылып, конституциялық құқығы тапталады. Мұндай жағдайларға әсіресе құқықтық сауаты төмен, қарапайым еңбек адамдары тап болады. Осындайда бір шенеуніктің шалағай жұмысы бүкіл бір отбасының тұрмыс-тіршілігіне, яғни қоғамдағы көптеген осындай отбасылардың күн көрісіне тікелей әсер етеді. Жақында «Халық коммунистері» фракциясына жәрдем сұрап келген азаматшаның басынан өткен жағдайы, жергілікті жерлердегі зейнетақы тағайындау орталықтарындағы ахуалдың мәз емес екендігін көрсетті. Қарағанды облысының Шет ауданынан келген азаматша Ардақ Жұмашева өмір бойы «Қоңырат» шаруашылығында (совхозында) еңбек етсе де, зейнетке шығу кезінде еңбек өтілін дәлелдей алмай, ең төменгі 23 000 теңгемен зейнетке шыққан. Себебі оның деректері архивте болмаған. Еңбек кітапшасындағы жазбалар да ескерілмеген. Сонда қалай, кезіндегі шаруашылықтың салақ басшыларының кесірінен неліктен азаматтар зардап шегуі тиіс? Неліктен бұл азаматшаға зейнетақы тағайындау барысында қажетті заңдық көмектер көрсетілмеген? Шет ауданындағы осы шаруашылықта еңбек еткен қанша азамат осылайша заңды табысынан қағылып отыр? Кезінде бұл совхоздарда кемінде 500-1000, мүмкін одан да көп адам жұмыс жасағанын ескеретін болсақ, оның салдарын елестетудің өзі қиын, яғни, Қарағанды облысындағы осындай жағдайға тап келген қанша азамат бар? Ал бүкіл республикамыз бойынша жағдай қандай?  - деген орынды сұрақтар туындайды. Егер Зейнетақы төлеу орталықтары тарапынан азғантай болса да көңіл бөлініп, заңдық көмек көрсетілген болса бұл азаматша өзіңін зейнетақысын толық алар еді.  Оның осы жылдары сол совхозда еңбек еткенін көршілерінің бәрі біледі, көбі сол жерлерде күні бүгінге дейін тұрады. Сол көршілерінің куәлігіне жүгіну арқылы, ардагерлер ұйымдары арқылы, тіпті қажет болса, сот шешімі арқылы еңбек өтілін қалпына келтірудің заңды жолдарын айтып, көмек жасалмаған. Осы салаға жауапты мемлекеттік қызметкерлердің халыққа зейнетке шығудың тиісті, заңды жолдарын айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыруы Министрліктің жіті назарында болуға тиіс деп есептейміз. Сондай-ақ азаматша Ардақ Жұмашеваның зейнетақысын есептеу барысында кеткен оғаттықтарды барынша тез жөндеу үшін қызметтік тексеріс жасап, тиісті шешімдер қабылдауыңызды сұраймыз және әділдік қалпына келеді деп сенгіміз келеді.           

1025 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз