Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Қазан, 2019

Қазақстан бокс федерациясының президенті сайланды

 Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясының президенті болып сайланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен Қазақстан бокс федерациясының отырысында айтылды.

«Ұлттық олимпиада комитетінің президенті ретінде бокстың дамуына үлесімді қоса беремін. Алда қойған міндеттерді орындап келеміз. Алдағы уақытта да солай боларына сенемін. Өз орныма Кеңес Рақышевты ұсынамын», - деді Тимур Құлыбаев. Федерация мүшелерінің барлығы бірауыздан Кеңес Рақышевтың Қазақстан бокс федерациясы басшылығына келуіне дауыс берді.

Сонымен қатар, Тимур Құлыбаевқа 2009 жылдан бері Қазақстан бокс федерациясын басқару барысында атқарған еңбегі үшін «Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті» атағы берілді.

582 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз