Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 10 Қазан, 2019

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақтауға келді

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Президент мұнда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысады. Сонымен қатар, жаңадан пайдалануға берілетін Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысады», - деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.

Айта кетейік, биыл әдебиетіміздің алып бәйтерегі - Әбіш Кекілбаевтың туғанына 80 жыл. Осыған орай, қаламгердің мерейтойы халықаралық деңгейде аталып өтпек. Мәдени-танымдық шаралар легі еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылады.

 

611 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз