Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 10 Қазан, 2019

Қаскелеңде Қарасай батырға еңселі ескерткіш қойылды

Алматы облысы Қарасай ауданының 90 жылдығын мерекелеу аясында Қаскелең қаласындағы орталық алаңға даңқты Қарасай батырдың 11 метрлік еңселі ескерткіші тұрғызылды. Ескерткіш жергілікті меценаттар мен кәсіпкерлердің қолдауымен жасалды. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Амандық Баталов қатысты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аудан тұрғындары мен қонақтарын құттықтаған облыс әкімі А. Баталов:

- Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласы шеңберінде облыста тарихи құндылықтарымызды сақтауға, ұлы тұлғаларымыздың есімін құрметтеуге бағытталған ауқымды шаралар атқарылуда. Бүгін, міне, Қарасай ауданының 90 жылдығына орай аты аңызға айналған қаһарман Қарасай батырға арнап ескерткіш ашып отырмыз. Бұл кейінгі жастарды елжандылыққа тәбиелеуге қосылған үлкен үлес деп білеміз, - деді өз сөзінде.

Мұнан соң олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіров және аудан тұрғындары мен қонақтары мерейлі мерекемен көпшілікті құттықтап, ауданда атқарылып жатқан игі істерді, соның ішінде Қарасай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы демеуші меценат азаматтардың елеулі еңбегін де атап өтті.

Ескерткіштің авторы - Нұркен Дәукенов. Ескерткіш қоладан жасалған, Қаскелеңнің орталық алаңына қойылды. Жалпы биіктігі – 11 метр.

 

2231 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз