Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 11 Қазан, 2019

Қыздар университетінде әлеуметтік жоба бастау алды

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Nur Otan партиясының «Ардагерлерді ардақтайық!» атты әлеуметтік жобасы аясында қайырымдылық шарасы өтеді, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асан.

Соңғы уақытта Қыздар университеті қарттарға көңіл бөліп, олардың әлеуметтік жағдайына жете мән беруде өзгелерге үлгі көрсетіп келеді. Ардагерлерді ардақтау және оларға нақты көмек көрсету мақсатында оқу орнының белсенді студенттері мен университет ұжымының бастамасымен түрлі жобалар мен шаралар іске асырылуда. «Қарттар үйіндегі» қамкөңіл қарияларға арналған «Ардагерлер балы» да осы игілікті істің жалғасы іспеттес.

Тұңғыш рет ұйымдыстырылып отырған шараның мақсаты – өскелең ұрпақты халқымыздың асыл құндылықтарын әспеттеуге дағдыландыру, оларды үлкенді сыйлай білуге, инабаттылыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.

Тағылымды шара барысында университеттің «Ұлпан» асханасында қарттарға арнайы дастархан жайылып, танымал эстрада жұлдыздары мен өнер ұжымдары концерт ұйымдастырмақ.

 

1041 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз