Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Қазан, 2019

Соңғы бес жылдағы маңызды ғылыми жаңалықтар

Қазіргі уақытта ғылым белсенді даму үстінде. Соңғы бес жылда әлем ғалымдары түрлі ғылыми жаңалықтарды ашып, дүниежүзін таң қалдырды. Енді соларға кеңірек тоқталып өтсек.

3D принтердегі жүрек

2019 жылы ғалымдар 3D принтердің көмегімен  жүрек жасап шығарды.  Ғалымдар адамның майлық жасушаларын алынып, олардан бағаналық жасушалар жасаған. Алынған материалды дәнекер ұлпалармен біріктірген. Осылайша принтердің сиясы іспеттес зат пайда болды. Соның бетінде ғалымдар керекті ағзаны жасаған. Үлгінің басылуы 3,5 сағатқа созылды. Адамның жүрегін жасау үшін жасушалар мен сиялардың саны едәуір көп болуы қажет және басып шығару жұмыстары бір күнді құрайды.  Ғалымдардың топшылауынша, алдағы 10 жылда бұл технология көптеген медициналық мекемелерде қолжетімді болмақ. Себебі жасалу технологиясы оңай және арзан.

Қара құрдымның фотосуреті

2019 жылдың тағы бір елеулі жаңалығы – адамдар қара құрдымның кескінін алды.  Қара құрдым Жерден 53 миллион жарық жылы қашықтығында орналасқан. Ғалымдар 8 телескопты өзара біріктіру арқылы тағы бір қара құрдымды суретке түсірген. Ол жерге едәуір жақын қашықтықта. Ғалымдар бірінші нәтижелерге 2017 жылы қол жеткізгенімен, оларды өңдеуге екі жылдай уақыт керек болған. Нәтижесінде біз қара құрдымның егжей-тегжейлі кескінін көру мүмкіндігіне ие болдық. Ағзаларды «өсіру»

Бүгінгі күні адам ағзаларын трансплантациялау мәселесі өзекті болуда. Науқастардың кейбірі аталған отаға кезегі жетпей, өмірмен қош айтысуда.  Гарвардтың ғалымдар тобы ағзаларды жасанды түрде өсіру әдісін ойлап тауып, аталған мәселені біршама шешкен сияқты.  Бұл зерттеуде доңыздардың қажетті жасушалары алынып, пайдаланылған. Ғалымдар жануардың мүшесін алып тастап, оны тіндері қалғанша жуып шайған. Содан соң тіндерге біріктірілген  адамның бағаналық жасушалары өзара әрекеттесіп,  жаңа ағза мүшелері алынады.  Ағза түкпілікті қалыптасып болғаннан кейін адам ағзасына қондырылады.  Әр түрлі  ДНК-ларға қарамастан, ол адам ағзасына жақсы сіңіседі.

Эболаның алдын алатын  екпе

Ресейлік екпе Эбола безгегінің алдын алатын үздік вакцина деп танылды.

Эбола безгегі бір мезетте бірнеше мемлекеттің  адамдарын қырғаны есімізде. Сол себепті ғалымдар оны тоқтата алатын вакцинаны шығарғанша біраз тер төккен. Осылайша дәрі шешекке қарсы екпенің негізінде жасалды. Ол инфекцияға шалдықпаған адам ағзасының қорғаныштық қабілетін арттырады.

Алғашқы екпелер 2015 жылы Гвинеяда салынды. Қауіпті індетке шалдыққан науқастармен қарым-қатынаста болған 4 мың адам  екпе салдыру үшін ерікті түрде дәрігерлерге жүгінген. Екпе салынғаннан кейінгі көрсеткішлер ғалымдарды қуантқан. Өйткені эболаға қарсы егуден кейінгі 10 күн ішінде ешкім ауру жұқтырмаған.  Ал екпеден кейінгі 3 айда ғалымдар олар жасап шығарған препараттың жүз пайыздық  тиімділігін дәлелдей алған.

Ұрықтағы ДНК редакциясы

2018 жылы ғалымдар адам сенгісіз жаңалық ашты. Пенсильванияның ғалымдар тобы эмбриондағы ДНК-ның бір бөлігін қайта құраған. Алайда тәжірибе зертханалық тышқандарға жасалған. Дегенмен, ғалымдар нәтиженің табысты аяқталуы технологияның жақын болашақта адамдарда да жүзеге асырылатындығына үміттенеді. Ғалымдар қазіргі уақытта технологияның қолданысын жүкті әйелдерге де енгізуді қарастыруда.  Егер де тәжірибелер сәтті аяқталатын болса, ұрықтағы тұқым қуалайтын аурулардың басым бөлігін ананың құрсағында түзеуге мүмкіндік туады, дейді ғалымдар.

 

Дайындаған Үміт Жұмаділова

1097 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз