Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 23 Қазан, 2019

Мемлекет басшысының Жарлығымен кейбір әскери соттар таратылды

ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Республикамыздың гарнизондарының кейбір әскери соттары талатылғанын хабарлайды. 
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 15 қазандағы Жарлығымен мыналар таратылды:
  1. Маңғыстау облысы Ақтау гарнизонының әскери соты;
  2. Қарағанды облысы Қарағанды гарнизонының әскери соты;
  3. Қостанай облысы Қостанай гарнизонының әскери соты;
  4. Алматы облысы Талдықорған гарнизонының әскери соты;
  5. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен гарнизонының әскери соты;
Жарлық заңды күшіне енді.
 
Сонымен қатар, соттылығына қарай:
          - Маңғыстау облысы Ақтау гарнизонының әскери соты істері Ақтөбе гарнизоны әскери сотына;
          - Қарағанды облысы Қарағанды гарнизонының әскери соты және Қостанай облысы Қостанай гарнизонының әскери соты істері  Ақмола гарнизоны әскери сотына;
          - Алматы облысы Талдықорған гарнизонының әскери соты істері Алматы гарнизоны әскери сотына;
          - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен гарнизонының әскери соты істері Семей гарнизоны әскери сотына қарайды," - делінген ведомствоның мәлімдемесінде.

776 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз