Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 23 Қазан, 2019

Н. Нығматулин: Жұмыспен қамту бағдарламасы – бұл атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы емес

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазіргі уақытта Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жұмыспен қамту бағдарламаларының тиімділігі туралы мәселе көтерді, - деп хабарлайды Мәжілістің Баспасөз қызметі.

Мәжілістің жалпы отырысында 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқылау кезінде депутаттар жалпы жаңа жұмыс орындарын құруға, атап айтқанда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тиімділігіне ерекше назар аударды. Ұсынылған үш жылдық бюджет жобасына сәйкес, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 186 млрд. теңге бөлінген. Ал, депутаттардың пікірінше, еңбек нарығында жақсару байқалмайды.

- Жұмыспен қамту бағдарламасы - бұл атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы емес, бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін бағдарлама, - деген Палата Спикері бұл жерде экономикадағы инвестициялық бағдарламаларда қолданылған тәсілдер сақталып, салынған әрбір теңге қайтарымды болуы керектігіне, тек қайтару дивиденд түрінде емес, нақты жұмыс орындары түрінде болуы керектігіне тоқталды.

Сонымен бірге Мәжіліс Төрағасы «Еңбек» бағдарламасын түзетулер енгізу қажеттілігіне мән берді. Нұрлан Нығматулин Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлгіне қазір атаулы әлеуметтік көмекке қатысты мәселелерді шешуге кірісіп, шектеулер қойылғанын, аталған бағдарламаға қатысты да осындай өзгерту енгізу қажеттілігі туралы айтты. Сонымен қатар Палата Спикері бағдарламаның іс жүзінде өте қажеттігін айтып,бөлінген қаражатқа жұмыс орындары құрылып, тиісінше адамдар жалақы алып, одан табыс салығын төлеуі керектігіне баса мән берді.

- Егер мұндай нәтиже болмаса (және біз оны көрмейміз), ақша құмға кеткендей болады. Адам нәтижелі жұмыс істеген кезде, ол әлеуметтік көмек алудан бас тартып, ол өзі кіріс ала бастайды, – деген Мәжіліс Төрағасы жұмыспен қамту бағдарламасына көбірек назар аударудың қажеттілігіне ерекше тоқталды.

689 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз