Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 24 Қазан, 2019

АЛМАТЫДАҒЫ АҚЫЛЫ АВТОТҰРАҚТАР ЖҮЙЕСІНЕН БЮДЖЕТКЕ 1,7 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ ТҮСТІ

2019 жылдың 24 қазанында Алматыда «А-Паркинг» жобасының презентациясы болып өтті, шара қызмет нәтижелеріне және Алматыда ақылы автотұрақтар желісін ұйымдастыру мен кеңейту мәселелеріне арналды. Іс-шараға Алматы Қоғамдық кеңесінің өкілдері, пікір көшбасшылары, сарапшылар мен блогерлер, республикалық БАҚ журналистері мен қоғам өкілдері қатысты.

«А-Паркинг» директоры Марат Пірінбеков бірыңғай автоматтандырылған жүйе жобасы Алматы әкімдігінің тапсырмасы бойынша әзірленгенін, оны кезең-кезеңімен жүзеге асыру алдымен мегаполистің ең тығыз орталық көшелерінде, одан кейін басқа аудандарда 2016 жылдан бастап жүргізіліп жатқанын еске салды.

Ақылы көлік тұрағын ұйымдастыру бірнеше негізгі міндеттерді көздеді: жол-көлік желісіне жүктемені төмендету, бір уақыт ішінде көлік тұрағын автомобилистердің көп саны пайдалана алатындай көлік тұрағы орнының ротациясын арттыру, қаланың тығыз орталығына кіретін машиналар ағынын қысқарту. Жобаны іске асыру көліктің баламалы түрлерін пайдалануды ынталандыруға, сондай-ақ тротуарлар бойында көлік құралдарын орналастыруды реттеуге көмектеседі. Осының барлығы ақырында көшелердің өткізу қабілетін өсіруге, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қолайлы орта құруға, экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етуі тиіс.

Жобаны іске асырудың алғашқы нәтижелері үмітті толық ақтауда. Марат Пірінбековтың айтуынша, 2016 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде көлік орындарының айналымы артқан, қазір көлік бір тұрақ орнында 1,5 сағат бойы тұрақтайды. «Бұл дегеніміз, адамдар машинаны аса қажетсіз ұзақ уақытқа қалдыруды тоқтатты, ал тұрақтың орташа уақыты 50%-ға азайды, ал тұрақ орындарының қолжетімділігі екі есеге өсті. Қала орталығындағы көлік саны едәуір түрде 15%-ға азайды, тұрақ ережелерін бұзу саны қысқарды. Тұрақ кеңістігін реттеу ақылы тұрақ аймақтарында қозғалыс жылдамдығының жалпы 12%-ға артуына жағдай жасады», - деді Марат Пірінбеков.

 

Ақылы тұрақтарды ұйымдастыру қаланың даму жоспарына, ҚР заңнамасына толық сәйкес жүргізілді және Алматы қаласы әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілері және қаулыларымен реттелді. Жоба қызметі барысында халықаралық стандарттар мен нормативтерге сәйкес 11 000-нан астам тұрақ орындары жабдықталды, оның ішінде 5000 тротуарлық және 6000 алаңдық, 200-ге жуық қазіргі заманғы төлем терминалдары орнатылды, онлайн-төлем үшін ыңғайлы мобильді қосымша әзірленді, банктердің төлем жүйелерімен интеграция жүргізілді. Бұл ретте тұрақ ережелерінің сақталуын бақылаудың барлық жүйесі автоматтандырылған, бұл адам факторының әсерін толығымен жоққа шығарады.

Үш жыл ішінде жобаға инвестиция көлемі 3,96 млрд теңгені құрады, оның ішінде ең үлкен үлесі 3,26 млрд.теңге жабдықтар мен сервистерге жұмсалды: паркоматтар орнату, шлагбаумдар, тіркеу қызметтерін құру. Тағы 500 млн теңге деректерді өңдеу орталығын құруға бағытталды, онда төлемдердің барлық түрлерін өңдеу, тіркеу кешендерімен, Алматы қаласы МКД, ПД, банктер және төлем сервистерімен интеграция жүзеге асырылады. 200 млн теңге аумақтың модернизациясына инвестицияланды – белгілер мен қоршаулар салу, қауіпсіздік техникасы стандарттары мен нормаларына сәйкестігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, «А-Паркинг» өкілдері, жобаны жүзеге асыру тек бизнестің инвестициялары есебінен жүзеге асырылғанын атап өтті.

 Өз кезегінде, ақылы тұрақ жүйесі жұмысының нәтижесінде 2016-2019 жылдары республикалық бюджетке 1,7 млрд теңге түсті, оның 561 млн – салық аударымдары, 267 млн – көлік тұрағы үшін төлемдер, 247 млн – мемлекетке міндетті төлемдер. Жоба қызметінің жанама әсері – 622 млн теңге қала бюджетіне айыппұл түрінде түсті.

Іс-шара барысында ақылы автотұрақтар жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы өз пікірін қоғам өкілдері білдірді. Мысалы, белгілі автосарапшы және автокөлік блогері Диаз Абылқасов көлік тұрағы жүйесінің мобильді қосымшасында кемшіліктер бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол ақылы тұрақ орындарында 19.00-ден кейін тұрақ орны тегін болған кезде өз қызметтері үшін ақы төлеуді талап ететін заңсыз тұрақшылардың толықтай жойылмағанын тілге тиек етті. «Жалпы Алматыда ақылы автотұрақтар жүйесі қазіргі таңда өміршең. Жақсы жақтарынан ақылы автотұрақ орындарына нақты белгінің салылғанын атап өтуге болады, бұл тұрақ тәртібін реттеуге ықпал етеді, сондай-ақ ыңғайлы төлем тәсілдері әзірленді. Тұрақ орындарының айналымдылығы артты, және бүгінгі күні іс жүзінде әрдайым қала орталығынан тұрақ үшін орын табуға болады», - деді блогер.

«Жалпы жол» жол қауіпсіздігі қауымдастығының бас хатшысы Алексей Алексеев көлік тұрағы үшін төлем майды ауыстыру, сақтандыру немесе шанақты жуу сияқты автомобильді ұстауға қажетті шығындардың қатарына кіреді деп санайды. Бұл қағидат бойынша барлық өркениетті әлем өмір сүреді және Қазақстан ерекшелік болмауы тиіс. «Кезінде мен Көк базарға іс жүзінде баруды тоқтаттым, себебі онда машина қоятын жер болмайтын. Дәл сол көрініс Республика Алаңында байқалды, Абылайханда белгісіз заңсыз тұрақшылар дәурені жүріп тұрды. Енді автотұрақтар ақылы болғаннан кейін, мұнда әрдайым бос орын табуға болады. Тұрақ орындары өркениетті кейіпке енді, белгі пайда болды, стихиялық тұрақ немесе екінші қатардағы тұрақ сияқты құбылыс жоғалды. Жеке өзім, ақылы автотұрақтардың көлік жүргізушілері мен қала арасындағы өркениетті қарым-қатынас түрі ретінде таралуын қолдаймын. Менің ойымша, олардың құны жоғары емес, олардың 99 пайызға бос болмауы бұны растайды», - деп атап өтті сарапшы.

Жақын болашақта «А-Паркинг» клиенттік сервисті жетілдіру және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмыс істеуге ниетті. Жобада автотөлеу жүйесін іске қосу, азаматтардың өтініштерін қабылдауды автоматтандыру, сондай-ақ серіктестік желісін кеңейту бар. Компанияда ақылы автотұрақтар аумағында сақтандыру сервистерін енгізу жоспарлануда. Жоба өкілдері полисті ыңғайлы түрде және қолжетімді тарифтермен сатып алу бойынша жұмыс істеуде.

1004 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз