Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Қазан, 2019

Жапондардың сакурасынан кем түспейді...

Алатаудағы алтын күздің әдемілігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан суреттер сөйлейсін дейміз. Қазір таудағы шатқалдарда жабайы өрік сарғайып, тау жоталары ерекше түрленіп тұр. Бұл жапондардың сакурасы гүлдеген шақтан кем түспейтін, табиғат тартуы. Біз Алматыдан алыс емес, көпке таныс Медеу шатқалынадағы күзгі сұлулықты суретке түсіру үшін арнайы барған едік. Жабайы өріктер тік тасты, сусымалы беткейлерде өсетіндіктен, сурет түсіруге көп қиындық туғызды. Сонда да, біз бірнешеуіне жақындап бардық. Негізі, төменнен де көрініс жақсы көрінеді. Бастысы, бірнеше апта ғана тұратын сұлулықты˗ басқалар да сезінсің деген ниет.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

(Суреттерді түсірген автор)

2621 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз