Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Қазан, 2019

Салық төлемдеріндегі мәселелер

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты А. Жамалов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі А.Ұ. Маминге макро бизнес бойынша салықтық төлемдердегі кейбір мәселелер бойынша депутаттық сауал жолдады. –Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, микро және макро бизнес үш жылға салық төлеуден босатылады. Осыған орай, әлбетте, шағын бизнес өкілдері үшін бұл құптарлық жағдай және олар осыны асыға күтуде. Дегенмен Үкіметке бюджеттің табыс бөлігін азаю  жағына қарай түзетуіне тура келеді.  Бұл есеп бойынша – 382 млрд.теңге. Қазіргі таңда Үкіметтің басты міндеті Президент берген тапсырмаға сай атқарылатын шараларды ешкімге залал келтірілмейтіндей қылып жүзеге асыру болып табылады. Яғни бизнеске де, қарапайым азаматтарға да, жалпы ешкімге салмақ түсірмеуді ескеру керек. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бүгінгі күні кәсіпорындарға Ұлттық экономика министрлігінің корпоративтік табыс салығын есептеу үшін  шегеруді шектеу туралы ұсыныстарын таратты. Бұл ең бірінші ірі өндірістерге, әсіресе, жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты. Ұлттық экономика министрлігінің пікірінше, салық төлеушілер шетелдік қосылма компаниялар есебінен қызмет көрсету мен дивидендтерді шегеру арқылы салық жүктемесін азайтып отыр.Олардың мәліметінше, 2018 жылы жер койнауын пайдаланушылар 1,5 трлн. теңге үлеспайда  құрайтын жылдық  жиынтық тыбыс салығын түзеткен. Осыған орай, оларға 232 млрд. теңгені құрайтын корпоративтік табыс салығын салу ұсынылуда. Мәселені егжей-тегжейлі түсіндірейін. Қазіргі таңда заңды тұлғалар өздерінің табысын алынған дивиденттердің сомасына түзетеді. Себебі корпоративтік  жиынтық табыс салығының 15%-ы төлем көздерінен төленген. Ұлттық экономика министрлігі бұл дивиденттердің алымын қайта салуды ұсынады. Яғни бір кірістің салығы екі рет төленетін болады. Ұлттық экономика министрлігінің тілегін түсінуге де болады. Дегенмен бұл шаралар салық салу ұстанымының әділеттілігіне қайшы келеді. Мұндай шаралар мемлекеттің инвестициялық ахуалын біршама нашарлатып, инвестицияларды қысқартады. Бұдан соң мемлекетке инвесторлар да тартылмайтын болады. Естеріңізге салсақ, өткен жылдың өзінде  шетелдік инвестициялардың Қазақстанға жалпы түсімі 24 млрд. АҚШ доллардан асқан. Бұл Ұлттық қордың жартысына жуығы.   Сонымен қатар қазір мұнай өнімдерінің акциздерін 20 теңгеге арттыру  мәселесі қарастырылуда. Ал бұл өз кезегінде жанар-жағар май бағасының өсіміне  әкеледі.  Осылайша бюджетке қосымша түсімдер 104млрд. теңгені құрайтын болады.  Бірақ бұл ретте аталған қаражатты халық пен бизнес өз қалтасынан төлейтін болады.  Оның үстіне бензин бағасының қымбаттауы бағалар мен тарифтердің шарықтауын тудырады да халықтың нақты кірістері түсіп, кезекті құнсыздануға әкеліп соғады. 2023 жылдан бастап жеке табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу кеңінен талқылануда. Болжамдарға сәйкес, 500 мың теңгеден асатын ЖТС 15 %-ды құрауы мүмкін. Ұлттық экономика министрлігі бұл мөлшерлемеден түсетін қосымша кірістерді 18,5 млрд.теңгеге бағалап отыр.Салықтардың жоғары  мөлшерлемесі табыстарды қайта бөлмейді. Олар ауқатты салық төлеушілерді  бөлістіреді. Олардың кейбірі яхталарына аттанса, басқалары жалақыларын кемітіп көрсетеді. Яғни кірістерді көлеңкелеу салық жинамдылығының төмендеуіне әкеледі. Бұдан басқа, осы көлемдегі қосымша түсімдер қазақстандық бюджет үшін аса маңызды емес. Бұл барлық бюджеттің небәрі 0,2%-ын құрайды. Ал әлеуетті кері әсер әлдеқайда артық. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда жалақының 10 трлн-ы конвертте беріледі. Бұл бюджетке 1трлн. ЖТС жетіспейді дегенді білдіреді. Сондықтан  бұл бағыттағы кез-келген қадамдар байсалдылықты талап етеді. Нақты шешімдерді қабылдарда асығыстық танытпаған жөн.  

971 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз