Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 29 Қазан, 2019

Сенат комитетінде мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдету жөніндегі заң жобасы қаралды

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болып, онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz  ҚР Парламенті Сенатының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бортник заң жобасы мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру мақсатында әзірленгенін атап өтті.

«Қаралып отырған заң жобасы жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді алуды оңайлату бойынша мемлекет саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді», - деді сенатор.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының тізілімінде қарастырылған мемлекеттік қызметтер саны үнемі өсіп келе жатқаны айтылды. 2007 жылдан бастап 2019 жылға дейін бұл тізімде 740 қызмет көрсетілген, бұл қызметтердің 72% электрондық түрде көрсетіледі. Бұл жүйені одан әрі жетілдіру үшін депутаттар тобы 47 заңнамалық актіге түзетулер әзірлеп, енгізетін болады.

Заң жобасымен мемлекеттік органдардың электрондық сипаттағы мемлекеттік жаңа қызметтерді көрсету жөніндегі құзыреті толықтырылады. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау кезіндегі мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдері нақтыланады, сондай-ақ азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу қызметтері оңтайландырылады.

Одан басқа, банк және сақтандыру қызметтері субъектілеріне, кредиттік бюроға рұқсат беру тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ акциялар шығарылымын тіркеу кезінде мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін оңтайландыру ұсынылады.

Отырыс қорытындысы бойынша заң жобасы Сенаттың қарауына жіберілді.

811 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз