Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Қазан, 2019

Президент Іле-Алатауы ұлттық паркінде заңсыз берілген жерлерді қайтаруды жүктеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне заңсыз берілген жерлерді қайтаруды тапсырды. «Іле-Алатауы ұлттық паркінің басшылығы жеке тұлғаларға жерді заңсыз беруінің, учаскелердің мақсатсыз қолданылуының фактілері бар. Жеке тұлғаларға 20 гектардан астам 67 жер бөлігі заңсыз берілген. 58 жер телімінің 24-і мақсатсыз пайдаланылған. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне әкімдікпен бірге әрбір фактінің мән-жайын анықтап, заңсыз берілген жерлерді қайтару бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырамын», - деді Президент Алматыны әлеуметтік-экономикалық дамытуға арналған отырыста. Дереккөз: Қазақпарат

744 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз