Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 31 Қазан, 2019

Қоғам талабы-білікті маман

Денсаулық - Жаратқаннын бізге еткен аманаты. Денсаулығы мықты адам ұзақ өмір сүреді, үнемі энергияға толы, жайдары мінезбен жүреді, себебі, денсаулығымыздың зор болуы адам баласының көңіл күйіне, жалпы тұрмыс – тіршілігіне әсер етеді. Жыл сайын көптеген талапкерлер медицина университеттеріне оқуға түсіп, сол оқу орнын аяқтап, қолдарына диплом алумен ғана шектеледі. Алайда, медицинасы жақсы дамыған Германия, Оңтүстік Корея, Израиль, АҚШ сынды мемлекеттерде шетелдік тағылымдамадан өтетін медицина университетінің студенттеріне және дәрігерлерге арналған бағдарламалар баршылық. Мұны бірі білсе, бірі біле бермейді. Өйткені, оқу орындарында тек арнайы жоспар бойынша жұмыс жасап, шетелдік университеттермен келісім шартқа отыру жағы әлі күнге дейін қарастырылмаған. Барлық шетелдік тағылымдамадан өткісі келетін үміткерлер үшін ең басты талап ағылшын тілінің В2 деңгейінде білу қажеттілігі. Егер ағылшын тілінде сайрап тұрсаңыз ешқандай кедергісіз, шетелдік тағылымдаман өтуге мүмкіндік аласыз. Солардың бірі, Оңтүстік Кореядағы «Асан» медициналық орталығы болып табылады. Бұл медициналық орталықта 9000 жуық қызметкер, оның ішінде 1700 – і профессорлар мен дәрігерлер болса, 4000 жуығы медбикелерден тұрады. Аталмшы медициналық орталық алғашында Чон Джи  Ён  есімді мырзаның бастамасымен Хундай корпорациясының көмегінің арқасында қор ретінде ашылды. Қор ретінде ашудағы негізгі мақсат – халықтың арасындағы тұрмысы төмен жіктерге медициналық көмек көрсету болды. Бұл қор Оңтүстік Кореямен ғана шектеліп қалмай, еріктілерді жинап, алыс жақын шетелдерге барып, қайырымдылықпен айналысып әлеуметтік көмек көрсетті. «Адамға деген шексіз махаббат пен құрмет  көрсету» Асан медициналық орталығының ұранына айналды. Оңтүстік Корея бойынша ең ірі әрі ең үлкен медициналықтың орталықтың біріне айналған «Асан» ауруханасының бүгінде 3 бөлімшесі бар. Ең үлкені Сеул қаласында орналасқан. Кардиология, онкология, трансплантация (ағзаны ауыстырып орналастыру) тармақтары ең үздік бөлім қатарына жатады. Жалпы алғанда арнайы жатақхана мен асханасы бар, шәкіртақы төленетін мұндай бағдарлама медицина университеттеріне студенттеріне және де дәрігерлерге таптырмас мүмкіндік де айта аламыз. Бұл бағдарлама Қазақстандық азамматтар үшін 2014 жылдан бастау алды, қазіргі кезге дейін 100 жуық дәрігерлер бұл бағдарламаның шәкіртақы иегерлері атанып үлгерді. Жыл санап Қазақстандық дәрігерлердің саны артады деген үміттенемін. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз қадірлі медбикелер мен дәрігер!

Гүлмира ТӘЖІҒҰЛОВА

1541 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз