Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 08 Қараша, 2019

«ХАБАР» «АРМАНДАСТАР» ТЕЛЕХИКАЯСЫН ҰСЫНАДЫ

7 қараша Алматы қаласында «Хабар» Агенттігі тапсырысымен түсірілген  «Армандастар» атты жаңа телехикаяның алдын ала ашық көрсетілімі өтті. Телевизиялық нұсқасының алғашқы көрсетілімі  11 қараша күні сағат 20.10-да «Хабар» телеарнасынан жол тартады.

                 «Армандастар» - мектеп бітіргендеріне  20 жыл толуына орай  өз ауылдарында, өздері түлеп ұшқан мектеп қабырғасында  кездесу кешін  ұйымдастырған  сыныптастардың хикаясы. Кім де кім бұл туындыдағы әр кейіпкерден өзін, жақындарын және достарын көретін болады. Бізді түрлі өмір бұралаңдары мен қилы тағдыр жолдары  күтеді.  Бәлкім, баз біреулердің өміріне бұл кездесу – үлкен өзгерістер алып келуі мүмкін. «Армандастар» - өмірдегі  достық, отбасы және махаббат сынды құндылықтар туралы телехикая»-, деді «Хабар» Агенттігінің Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Ринат Кертаев іс шара барысында.

                Сондай-ақ, іс-шараға жобаның продюсері әрі сценаристі – Гүлнұр Мамасарипова, сондай-ақ, басты рөлдерді сомдаған  Мақпал Исабекова,Нұргүл Нұғыманова, Берік Айтжанов, Азамат Сатыбалды, Рүстем Жаныманов және Әлімхан Мырзахан қатысты.

                «Қырықтың ар жақ, бер жағындағы адамдардың да тағдырлары сан қилы болады,соның бәрін тоғыстыратын бір телехикая түсіргім келді. 20 жылдық кездесу деген ол тек қана себеп қана.  Бір дәуірдің адамдарын  ұзақ уақыттан кейін жүздестіру арқылы – адамдарды өмір қалай өзгертетінін, олардың тұлға ретінде қалыптасуына қандай факторлардың әсер ететіндігін көрсеткім келді»-, деді Гүлнұр Мамасарипова.

Жаңа телехикаяда сыныптастардың рөлін көрерменге көптен таныс Берік Айтжанов, Кәмшат Жолдыбаева, Азамат Сатыбалды, Алма Әділқызы, Нұргүл Нуғыманова, Рүстем Жаныманов, Асылбек Қапаев, Дулыға Ақмолда, Мақпал Исабекова, Ерғали Дүйсен, Әлімхан Мырзахан және Сания Ерзат сомдайды.

1587 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз