Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 08 Қараша, 2019

Coca-Cola Белестерi байқауының қорытындысы жарияланды

Бүгін «Ауылдың кешенді дамуына Қазақстан әйелдерінің үлесі және ТДМ-2030 жетістіктері» атты Қазақстан ауыл әйелдерінің ІІ Форумында әйелдердің өз шағын бизнесін ашуы үшін гранттарды иеленуіне арналған жыл сайын өтетін жетінші Coca-Cola Белестерi байқауының қорытындысы жарияланды.

Әйелдерге өздерінің экономикалық әл-ауқатын бизнес білім алу және қаржылық қолдау арқылы жақсартуға мүмкіндік беретін бағдарламалардың жарқын мысалы Қазақстанда 2012 жылдан бастап жүзеге асырылатын Coca-Cola қорының әйелдерді қолдау жөніндегі көп жылдық бастамасы болды. Осы уақыт ішінде 13 000 астам әйел өз кәсібін ашуға көмек алды, қаржылық сауаттылық бойынша тренингтерге қатысты, қазақстандық ауылдардың жағдайларында табысты қолданылатын «жасыл» технологияларды дамыту бойынша құралдармен танысты.

– Ел ішінде әйелдердің кәсіпкерлігіне қолдау көрсететін көптеген механизмдер бар. Жылдан жылға осындай бағдарламаларға қызығушылық білдіретін әйелдердің саны артып келеді. Біздің қатысушылар отбасыларының қаржылық әл-ауқатын нығайтуға даяр қоғамның белсенді мүшелері екенін дәлелдейді. Әсіресе бұл процеске мемлекеттің, қоғамдық ұйымдар мен бизнес өкілдерінің қатысатыны аса маңызды, –дейді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсина.

Айта кетейік, Coca-Cola Белестері білім беру жобасы – Coca-Cola 5by20 компаниясының көпжылдық бастамасының бөлігі, оның аясында бизнес-тренингтерге қатыстыру, қаржылық білім мен дағдыларды үйрету, сондай-ақ бастапқы қаржыландыру көздеріне қол жетімділік мүмкіндіктерін беру арқылы Coca-Cola 2020 жылға қарай бүкіл әлем бойынша бизнеске 5 млн. әйелді тартуды жоспарлауда.

– Coca-Cola компаниясы компания жұмыс істейтін барлық елдерде әлеуметтік бастамаларды қолдауға үлкен назар бөледі, ал ол дегеніміз бүкіл әлем. Әйелдерге экономикалық қолдау көрсету және ауыл шаруашылығын дамыту, су ресурстарының орнын толтыру және экологияға қамқорлық филантропиялық жобаларды қолдаудағы негізгі бағыттар болып табылады. Біз Қазақстанда біз 19 жыл бойы БҰҰДБ, Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы, «Әлеуметтік Динамика» қоры және өзгелермен ынтымақтастық жасаймыз. 7 жыл қатарынан осы жобаны табысты жүргізіп, ілгері жылжытып келе жатқан «Әлеуметтік Динамика», «Жасыл экономика және G-Global дамыту коалиция» қоғамдық қорларына үлкен алғыс білдіргім келеді. Қазақстанның Ауыл әйелдері форумын, оның ішінде «Coca-Cola Белестерi» жобасын өткізу идеясы олардың жұмысы арқасында туындады, - деп ойымен бөлісті Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі Coca-Cola компаниясының корпоративтік байланыстар және коммуникациялар жөніндегі менеджері Александра Аккирман.

2018 жылдан бастап «Coca-Cola Белестері» ең үздік бизнес-идея байқауының жеңімпаздарын марапаттау, жобаның ұйымдастырушыларымен ауылдық елді мекендерді дамытудың үздік тәжірибелерін және ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігін дамытудағы жетістіктерді көрсететін Ауыл әйелдері форумының алаңында өткізілуде. Бағдарлама жүзеге асырылған жылдар ішінде Қазақстанда 61 әйел Coca-Cola қорының қаражатына өз бизнестерін ашты. Байқау жеңімпаздары өз кәсіпорындарында ашқан жаңа жұмыс орындарының саны 140 асты.

– Қазақстанда әйелдерді бизнес негіздеріне оқытатын «Coca-Cola Белестерi» сияқты жобанын болғанына өте қуаныштымын. Мен тәлімгерлерімізге алғысымды білдіремін және мен үшін бұл жоба – жігер беруші күш, өмірлік армандарымды жүзеге асыруға қолдау. Бүгінгі байқаудың барлық жеңімпаздары өз істерінің табыстылығына қол жеткізеді деп үміттенемін және оның отбасыларымызға экономикалық тұрақтылық әкелетініне сенімдімін, – дейді «Coca-Cola Белестерi» 2019 жобасының жеңімпазы Гүлнұр Майданова.

«Coca-Cola Белестері» жобасы экономикалық тұрақтылық пен Қазақстан әйелдерінің әлеуетін бизнесте жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған. Тренинг аясында бизнес негіздеріне оқыту, тәлімгерлерге өз сұрақтарымен жүгіне алу мүмкіндігі, өз идеясы негізінде бизнес-жоспарды дайындау, идеялар конкурсына қатысу сияқты құралдар оң нәтижелер көрсетті. 2019 жылы жоба Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарында жалғасты, ал «Coca-Cola» қайырымдылық қоры арқасында Ауыл әйелдерінің аймақтық форумдарын өткізу Қазақстанның барлық облыстарындағы әйелдер үшін қолжетімді болды.

2019 жылғы «Coca-Cola Белестері» ең үздік бизнес-идея байқауының қорытындысы бойынша 10 жеңімпаз Coca-Cola қорынан өз бизнесін ашуға гранттар иеленеді. Жеңімпаздардың есімдерімен жобаның www.ccb.kz сайтында және әлеуметтік желілердің парақшаларында танысуға болады.

862 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз