Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 11 Қараша, 2019

Қазақы ырым-тиымдар

От басында отырған қарияның орнына кез келген адам отыра бермейді. Кейбіреуіне қарияның кәрі тиеді. Жарымжан, дімкәс адам болса, ауру асқынады деп ырымдайды; Үй ішінде түнде сандық ашпайды. Бұлай істесе, отағасы өледі деп жамандыққа жорылады. Сандықты амалсыз ашуға тура келсе: «Сандыққа жылан кіріп кетті» деп барып ашады. Аузын жабарда «Жылан сыртқа шықты» деп жабады. Онысы – суық қол ұрылар түн ішінде сандық ашып, жамандық жасамасын дегені. Оның қолын түсі суық, жыланға балап салып, жыланға балап сыртқа шығарған; Үйге келген адам табалдырықтың сыртында тұрып сөйлеспейді; Жігіт жағы құдаларды есік көруге шақырады. Мұндағы мақсат – қалыңдықтың барлық туған-туыстарын, ағайын-туыстарымен таныстыру, өз ел-жұртын, дәулеті мен сәулетін көрсету; Сырттан келген адам босағаға ат байламайды. Егер ат байласа, ондай адамды ниеті бұзық, жау екен деп есептейді...

Жарқын Сәленұлының фейсбук парақшасынан    

1221 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз