Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Қараша, 2019

ЖОО-НЫҢ 11 ҮЗДІК ТҮЛЕГІ «ЦИФРЛЫҚ ЖАЗ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

«Цифрлық жаз – 2019» жас IT-мамандарға арналған үш айлық тағылымдама бағдарламасының қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ портфельдік компанияларына 78-ден 11 үздік тағылымгер сәтті жұмысқа орналасты. Аталмыш бағдарлама жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған «Жас Самұрық» жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы  Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаменті хабарлады.

«IT саласындағы технологиялар тез ескіріп, тез жаңарып жатыр. Сол себепті «Цифрлық жаз» бағдарламасы елдің дарынды жастарына тәжірибе барысында өз білімдерін көрсетуге объективті мүмкіндік береді. Өздеріңіз білетіндей, ағымдағы жыл бағдарламаның шарттары талапшыл болды. Дегенмен, 78 тағылымгер өздерінің мықты дағдыларын көрсетті, елдің үздік IT мамандарынан практикалық жұмыс тәжірибесін алды және бәсекеге қабілетті болу үшін озық әзірлемелерді қалай пайдаланатынын білді. Олардың 11-і Қор компаниялары тобының қатарына қосылды»,– деп мәлімдеді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаев.

Ағымдағы жылы «Цифрлық жаздың» екінші толқыны IT саласындағы 6 бағытты қамтыды. Сонымен қатар,  жазғы практика барысында айына 50 000 теңге мөлшерінде шәкіртақы енгізілді. Практиканың соңғы кезеңі Хакатон форумымен өз мәресіне жетті, онда апта ішінде студенттер белгілі бір бизнес-есептерді шешу мақсатында нақты кейстермен жұмыс істеді.

2019 жылдың 17 маусымы – 29  тамыз аралығында жас мамандар мына компанияларда тағылымдамадан өтті: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «KEGOK» АҚ, «Қазпоша» АҚ, «ҚазТрансАймақ» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «Кселл» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, "QazCloud" ЖШС және "Самрук-Казына Бизнес Сервис" ЖШС.

Айта кеткен жөн, 2018 жылы 72 жас маман сәтті өтіп, соның 33-і жұмысқа орналасты.

Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Цифрлық жаз» бағдарламасына оң бағасын берді. Бұл бағдарламаның бірегей ерекшеліктерінің бірі – SAP, Microsoft, Oracle, Cisco, HP, IBM, Huawei ірі агломерат өнімдерімен практикалық жұмыс тәжірибесі болып табылады.

866 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз