Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Қараша, 2019

Дін саласын жариялауға жауапкершілікпен қарау керек – Н.Шубаев

 «Дін саласындағы мәселелерді жариялау бойынша журналистерге арналған тренингі» атты БАҚ өкілдеріне арналған жиында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің Діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы басқармасының басшысы Нұрлан Шубаев осылай деп атап өтті.

Оның айтуынша, дін саласы өте нәзік тақырып. Тіптен, абайлап, асқан сақтықпен қарамаса, жарға соқтырар салдары көп. Ал бұл ретте, қазақ қоғамын еліміздегі діни ұйымдар мен конфессиялардың тыныс-тіршілігімен таныстыратын тілші қауымына зор жауапкершілік артылады.

«Дін тақырыбын қозғауға барынша дайындалып кіру керек. Жоғары жауапкершілік жүгін арқалайсыз. Байқаусызда ар-ождан бостандығына қол сұғып, азаматтардың діни сеніміне селкеу түсіріп алмаған жөн. Еліміздегі заңнама нормаларын да естен шығарып алмау – басты міндет. Көпэтносты, көпконфессиялы қоғам ретіндегі жергілікті спецификамыз осындай. Біз бұл жағынан сарапшылық көмек беруге қашанда дайынбыз», - деді ол.

Сондай-ақ, Н.Шубаев тренинг қатысушыларын арнайы дәрістен өткендері туралы сертификаттармен марапаттап, тренингтің мән-маңызын елеп-ескеріп келгендері үшін алғыс білдірді. Бұдан бөлек, бұған дейін дін мәселелерін көптеп көтеріп жүрген журналистер – Baq.kz ақпарат агенттігінің продюсері Олжас Сәндібек, Kazislam.kz порталының тілшісі Ермұрат Назарұлы, «Заң» республикалық газетінің тілшісі Ерлік Ержанұлы, HOLA News ақпараттық порталының журналисті Айжан Қалиева, SAF MEDIA студиясының директоры Салтан Сайранұлына қомақты сыйақылар тапсырды.

Айта кетейік, аталған шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Дін істері комитетінің тапсырысымен елордамызда астаналық және басқа облыстардағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, сарапшылар мен дінтанушылардың қатысуымен өткізілді. Басқосуда ақпарат пен дін салаларына қатысты мемлекеттік құрылымдар мен мекемелерде ұзақ жыл қызмет атқарған мәдениеттанушы-лингвист Абылайхан Қалназаров бас спикер ретінде сөз алып, жұмыс өтілі барысындағы тәжірибелері және осы тақырыпқа қатысты мәдениеттанушылық зерттеулерімен бөлісті.

Тағы бір айта кетерлік жайт, оқыту тренингі барысында негізінен БАҚ арқылы тұрғындарға дұрыс әрі шынайы ақпарат жеткізудің тәсілдері мен әдістерін қарастыру, экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері қозғалып, тілшілердің барлық көкейкесті сауалдарына тиісті жауаптар берілді.

407 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Б. Сапарбаев: Біздің міндетіміз – спортты барлық азаматтар үшін, оның ішінде мүгедек жандар үшін де қолжетімді ету
Келесі мақала Зияныңды тигізбе! Дін тақырыбын жариялаудың басты қағидаты – А.Қалназаров

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *