Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 14 Қараша, 2019

ҚАН ТАПСЫР, ӨМІР СЫЙЛА!

2019 жылғы 16 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесе отырып, донорлар қатарына кіруге және «Қан тапсыр, өмір сыйла!» акциясына қатысуға шақырады.

Донор болу – біреудің өміріне мүмкіндік беру болып саналады. Өйткені, қан азаматтар денсаулығының өте маңызды элементі екені мәлім.

Бұл акцияға талапқа қарсы көрсеткіштері жоқ, жасы 18-ге толған тұрғындар қатыса алады.

Акция 2019 жылғы 16 қарашада сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін елордалық Достық үйінде (Б. Момышұлы даңғылы, 24\9) өтеді.

Өзіңізбен бірге жеке құжатыңыздың болғаны жеткілікті.

691 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз