Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Қараша, 2019

«Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты «Ақиқат» журналының жүлдесі үшін шахмат турнирі өтеді

Қапы қалмаңыздар: «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты «Ақиқат» журналының жүлдесі үшін шахмат турнирі өтеді.

«Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты, еліміздегі «Ең үздік қоғамдық-саяси басылым» - «Ақиқат» журналының жүлдесі үшін журналистер арасында шахмат турнирін өткізу дәстүрге айналып келеді. Қолына қалам ұстаған       журналистер арасындағы шахмат жарысын биыл 28 қараша күні өткізгелі отырмыз. Бұл турнирге шахматтан спорт шеберлері мен кандидаттар қатыстырылмайды. Жақсы жаңалықтан, игілікті іс-шарадан сырт қалмайтын әуесқой шахматшы журналистерді аталған турнирге қатысуға шақырамыз. Алдын ала тіркелу үшін «Қазақ газеттері» серіктестігінің офисіне /Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 175; 400-413 офис/ келіп жазылыңыздар, немесе 2-72-87-30;    2-72-49-62 телефондарына қоңырау шалып, өздеріңіздің шахмат жарысына қатысуға ниетті екендеріңізді білдірсеңіздер болады, БАҚ қызметкерлері!

Шахмат турнирінің Бас демеушісі - «Айғақ» телерадиокомпаниясы.

«Ақиқат» журналының жүлдесі үшін журналистер арасында ұйымдастырылатын шахмат турнирі 28 қараша күні сағат 12.00-де  басталады.

 Өтетін жері: «Қазақ радиосының ғимараты, Желтоқсан көшесі, 175 үй, 4-қабат

 «Қазақ газеттері» ЖШС

1278 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз