Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 19 Қараша, 2019

Нұрлан Ноғаев: ҰОС ардагерлері біздің қамқорлығымызды күн сайын сезінуі тиіс

Бұны Нұрлан Ноғаев аппараттық кеңес кезінде атап өтті, - деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. Аппараттық кеңес кезінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге дайындық мәселесін көтерді. Өңір басшысы атап айтқандай, Ұлы Жеңіс мейрамы тек мерекелік шаралармен шектелмеуі тиіс. -  9 мамырға қазірден бастап күн сайын, ыждағатпен дайындалу қажет. Мәселен, маған Телеграмм чат-каналына қала тұрғындарынан түрлі өтініштер түсіп жатады. Айталық, таяуда бір жергілікті тұрғын Жеңіс саябағында орнатылған ескерткіш тақталардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылардың аты-жөндеріндегі қателерді түзетуді ұсынды: Кеңес Одағының батыры Канцева деп көрсетілген, Канцев деп түзету қажет. Бірінші орынбасарым  Серік Шапкеновке  осы мәселемен айналысуды тапсырамын, - деп тапсырма берді Нұрлан Ноғаев.

- Бұдан бөлек, Ұлы Отан Соғысының ардагерлері күн сайын біздің қамқорлығымызды сезінуі тиіс. Облыста Ұлы Отан соғысының майдандарында шайқасқандардан небары  11 адам қалыпты. Өкінішке орай, олардың қатары жыл сайын сиреп келеді. Біздің оларға деген алғысымыз тек 9 мамырмен шектелмеуі керек. Бейбіт өмірді қамтамасыз еткен батырларымызға деген  біздің алғысымыз сол  –  оларды ұдайы қамқорлап, қолдауымыз қажет. Кеңестің қорытындысымен құзырлы органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

638 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз