Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 19 Қараша, 2019

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы VIII Санкт-Петербург халықаралық мәдени форумында таныстырылды

РФ Үкіметі, Мәдениет министрлігі мен Санкт-Петербург билігі ұйымдастырған Санкт-Петербург форумы дәстүр бойынша әлем елдеріндегі мәдениет саласының сарапшылары көрнекті режиссерлар мен музыканттардың, қоғам қайраткерлерінің, билік пен бизнес өкілдерін біріктірді. Форумның бағдарламасы өте ауқымды, ол халықаралық бағдарламаларды жүзеге асыруға және мәдениет саласында мәмілелерге қол қоюға жағдай туғызады. Бұл туралы "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ Баспасөз-қызмет және ақпарат бөлімі хабарлайды.

Биылғы жылы Форумның жұмысына Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқармасының төрайымы Гүлнара Сәрсенова, сонымен қатар ҰКҚМО бас кеңесшісі әрі халықаралық стратегия жөніндегі тәлімгер Анна Качко қатысты.

«Кино» секциясының жұмысына танымал ресейлік режиссер әрі продюсер Федор Бондарчук басшылық етті. Оның басты тақырыбы жаһандану жағдайындағы киноиндустрияның дамуы болды.

«Бүгінгі күні кино мен ойын-сауықтың әлемдік индустриясы бұрын-соңды болмаған шарықтау кезеңін бастан өткізуде, және де Голливуд – енді оны алға жылжытушы басты күш емес. Кино экономикасының жаһандануы халықаралық кассалық табысы мен ко-өнімді алдыңғы орынға шығарады. Ал Netflix буыны бұдан да көбірек алуан түрлі контент көргісі келеді және оның ағылшын тілінде болуы міндетті емес», – деп санайды Форум ұйымдастырушылары.

Форум шеңберінде «Шығармашылық институциялар мен коммерциялық емес ұйымдардың халықаралық ынтымақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда спикерлердің бірі ретінде ҰКҚМО басқармасының төрайымы Гүлнара Сәрсенова сөз сөйледі. Дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларына жаңа халықаралық жобалар туралы таныстыруға және оларды жүзеге асыруға қатысты кәсіби міндеттерді шешуге бірегей мүмкіндік берілді.

- Санкт-Петербургте біздің кинематографист-әріптестеріміз басты назарларын «продюссерлік жасау шеберлігі» тақырыбына аударды», - дейді Г.Сәрсенова. Халықаралық аренада қалай продюсерлік жасауға және жобаларды ілгері жылжытуға болады? Аудитория қалай анықталады және түрлі елдерде оның сұранысы қандай? Табысты халықаралық альянсты және бірлесіп продюсерлік жасау стратегиясын қалай құруға болады? Қазіргі күні алдыңғы қатарлы озық продюсерлерді, қорлар мен фестивальдардың өкілдерін осы мәселелер қызықтырады. Айта кетерлік жайт, Еуропалық фестивальдар қауымдастығының бас хатшысы, «Еуропа фестивальдар үшін, Фестивальдар Еуропа үшін» қосалқы директоры Катрин Девентер ханым (Германия) іскерлік алаңның спикері болды.

Тағы бір қызығушылық тудырған бағыт – заманауи анимация индустриясын дамыту болып табылады. Бұл тақырыпқа да бірқатар іс-шаралар арналды: пікірталас, шеберлік сабағы және питч-сессия. Қазіргі күні анимация – бұл ең тез дамып келе жатқан шығармашыл индустриялардың бірі екендігі анық. Кинопрокатқа шығып жатқан толық метражды мультфильмдер саны күннен күнге артып келеді. Және де ірі компаниялар анимациялық контенттің қарқынды өндірісіне қызығушылық тудырып отыр. Бұл секцияның модераторы Анимациялық кино индустриясын ұйымдастыру қауымдастығының атқарушы директоры Ирина Мастусова (Ресей) болды. Негізгі спикерлердің қатарында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының серіктестері, оның ішінде «Союзмультфильм» директоры Борис Машковцев және Wizart Animation бас продюсері Юрий Москвин сөз сөйледі.

Биылғы жылы басты тақырып алда келе жатқан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығы болды. Форум ұйымдастырушыларының айтуынша, «Мәдениет контекстінде Ұлы Жеңісті атап өту – бұл тек әдебиет, театр мен кино саласындағы ауқымды жобалар туралы ғана айту емес. Бұл сонымен қатар, түрлі мәдени бағыттардың тоғысында пайда болған және халықаралық контекстке енген жаңа форматтарды анықтау».

1078 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз