Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 19 Қараша, 2019

Алматы облысында өнеркәсіп өсімінің көлемі он айда 104,5 % құрады

Алматы облысында өнеркәсіптің өсу қарқыны жеделдеп, 10 айда 104,5 процентті құрады, осы жылы өндіріс көлемі бір трлн. теңгеге жетеді деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында 10 айдың даму қорытындылары туралы өткізген брифингісінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Амандық Баталовтың хабарлауынша, облыс үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы өте өзекті. Аталған бағдарлама өңдеу өнеркәсібінің әлеуетін толықтай ашуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні жалпы сомасы 89 млрд. теңге болатын 111 жобаның ішінен банктер 10,3 млрд. теңгеге 20 жобаны мақұлдады.

823 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз