Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 19 Қараша, 2019

Қанат Ислам WBO рейтингінде ең мықты боксшылардың бестігіне кірді

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBO) барлық дивизиондағы жаңартылған рейтингін жариялады.

Рейтингте орта салмақта WBO International белбеуіне ие қазақстандық Қанат Ислам үш саты жоғарлап, бесінші орынға тұрақтады. Одан кейін өзге қазақ боксшы WBO Global титулы бар Жәнібек әлімханұлы тұр - 13-тен алтыншы орынға көтерілді.

Екінші орта салмақта өнер көрсететін Айдос Ербосынұлы (WBO Global титулына ие) сегізінші орыннан қозғалмады, ал бірінші орта салмақта WBO Inter-Continental белбеуі бар Жаңқош Тұраров орында.

530 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз