Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Қараша, 2019

Ұзынбұлақ аңғары

Ұзынбұлақ аңғары («Киіз үй алқабы», «Сары каньон», «Жабыр»,«Ай шатқалы») - Қулық тауының оңтүстігінде, Көртоғай шатқалының басында орналасқан. Ол Шарын шатқалының - бүйірлік каньоны. Аңғардың танымалдылығы аз. Бірақ табиғаты қайталанбас ғажайып жер. Ол ұзақ замандарда жел мен су эрозиясының әсерінен пайда болған. Бір қатарға тізілген сары түсті шөгінді тау жыныстары таңғажайып сәулеттік нысандардан көрініс береді. Шатқал тығыз және керемет үйлесіммен орналасқан. Zhetysu.travel сайтының дерегіне сүйенсек,  шатқалда ертедегі адам тұрағы мен тас құралдары табылған және тау жыныстарында Юра кезеңінің шөгінділері кездеседі. Бұл жерден күрделі дизайнды құрайтын үңгірлер мен үлкен жарықтарды табуға болады.

Суреттерді түсірген: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

3692 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз